Қазақстан Қытайтану қауымдастығының мүшесі, "Қазақстан Вейчи Ассоциациясы" GR директоры, шығыстанушы-синолог Нұр-сейіт Түркістанның пікірінше, бұл сапар тек ресми протокол емес, нақты экономикалық өсімге, стратегиялық сенімге және ортақ болашаққа бағытталған келісімдерге айналды.
Президенттің Қытайға сапары барысында инвестицияларды қорғау жөніндегі келісім, визасыз режимнің кеңеюі және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Осы келісімдер мен бастамалардың Қазақстан экономикасы үшін басты нәтижесі неде деп ойлайсыз?
Сапардың іскерлік өнімділігі ерекше назар аударарлық. Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан астам 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұл көлем екі ел экономикаларының өзара тәуелділігінің жоғары деңгейін және Қазақстанның Қытай инвесторлары үшін басым бағыттарының бірі ретіндегі маңыздылығын растайды. Бұл құжат тек екіжақты қатынастардың заңды негізің нығайтудан гөрі, Қазақстанға түсетін болашақ инвестициялар үшін "қорғаныс қалқанын" құрады. Ол инвесторларға меншік құқығынын қорғалуына деген сенімділікті арттырады, бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді капиталды тартуға, капиталдың экономикада тұрақтауына ықпал етеді.
Визасыз режимнің кеңеюі бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл тек туризмді ынталандыру туралы емес, сонымен бірге іскерлік байланыстарды жеделдету, бизнес-кезеңдеулерді ұйымдастыруды жеңілдету және екі ел жұртының байланыстарының нығайюы туралы. Бұл шара экономикалық интеграцияның ажырамас бөлігіне айналады, өйткені ол серіктестер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетеді.
Осы заңды және әкімшілік негізге сүйене отырып, бірқатар таңдаулы нақты жобалар іске қосылды: "Самұрық-Қазына" ұлттық өлттік қоры мен Huawei компаниясы арасындағы стратегиялық келісім. Ол инновациялық телекоммуникациялық технологияларды енгізуге, серверлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және бірлескен цифрлық трансформация жобаларын әзірлеуге бағытталған.
China Energy Engineering Group (Energy China) компаниясымен электр желілері инфрақұрылымын жаңғырту, DATA орталығын салу және қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру сияқты жобалар. Компания елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын тұрақты электр желілерін салуға ниет білдірді.
Sany Group компаниясының ұсынысымен Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт ашылды. Бұл тек импортты ауыстыру туралы емес, сонымен бірге Қазақстанды Орталық Азиядағы "жасыл" энергетиканың орталығына айналдыруға бағытталған стратегиялық қадам.
CRRC компаниясы жүзеге асыратын жоба тепловоздар жеткізумен шектелмей, олардың жергілікті деңгейде өндірісін локализациялауға және сервистік орталықтар құруға өтеді. Яғни машина жасау саласындағы технологиялық трансферт пен жоғары білікті жұмыс орындарының пайда болады деген сөз.
CNNC (China National Nuclear Corporation) компаниясымен атом энергетикасы саласындағы, соның ішінде Қазақстандағы екінші АЭС-тің құрылысы бойынша ынтымақтастық нығайтылады.
Бұл келісімдер мен бастамалардың Қазақстан экономикасы үшін басты нәтижесі – елді инвестициялар, технологиялар және жоғары деңгейдегі өнімдер өндіруге негізделген жаңа өндірістік-инновациялық үлгіге көшуді жеделдету. Яғни, экономиканы шикізаттық бағыттан біртіндеп шығаруға, оның тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жасалған келісімдер еліміздің экономикасын білім мен технологияға негізделген заманауи модельге айналдыру бағытындағы Қазақстан әрекеттерімен толық сәйкес келеді. Қытайдың технологиялық жетекшілері, мысалы, Huawei, тек инфрақұрылымды ғана емес, сонымен бірге ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және BIG DATA салаларында отандық білікті кадрларды даярлау ісіне де үлес қосатын болады, бұл біліктілікті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы үшін өте маңызды. Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім - болашақтағы инвестициялық ағындардың заңи негізін нығайтады.
Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздерде екі ел басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынасты ерекше атап өтті. Тоқаевтың осы тұлғаралық дипломатиясы сапар кезінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізуде қаншалықты рөл атқарды деп санайсыз?
Президент Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы жоғары деңгейдегі сенім – бұл сапардың барлық табыстарының негізгі факторы болды. Тұлғаралық дипломатия тек ресми кездесулерден тұрған жоқ; ол екі лидердің бір-біріне деген өзара сенімі мен олардың елінің даму бағыттарын терең түсінуіне негізделген.
Бұл сенім нақты іс-әрекеттерге қалай әсер етті? Мысалы, Тоқаевтың CNNC басшысымен әңгімесінде ол Төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздер кезінде атомдық индустриядағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Яғни, жоғары деңгейдегі саяси келісім тікелей компаниялар деңгейіндегі нақты келісімшарттарға айналды. Сонымен, тұлғаралық дипломатия аса маңызды рөл атқарды: күмәндарды сейілтіп, келісімдерді жеделдетіп, серіктестікті декларациялық деңгейден нақты іс-әрекеттер деңгейіне көшірді. Екі лидер арасындағы өзара сенім мен құрмет болмағанда, бұл тереңдетілген экономикалық және стратегиялық ынтымақтастық мүмкін болмас еді.
Тяньцзиньде өткен ШЫҰ саммитінде Президент Тоқаев қауіпсіздік, экология және цифрландыру бойынша бастамалар ұсынды. Бұл бастамалар Қазақстанның аймақтағы беделін арттырып, жаңа әріптестік мүмкіндіктеріне жол аша ала ма?
Тяньцзиньде өткен ШЫҰ Саммитінде Президент Тоқаев бірқатар ірі бастамалар ұсынды, олар Қазақстанды аймақтағы және жаһандық деңгейдегі негізгі ойыншы ретінде бекітті:
Қауіпсіздік: Қарулы қақтығыстардың орын алуына жол бермеу және жаһандық диалогты нығайтуға үндеу.
Экология: Каспий теңізінің экологиялық жағдайына назар аудару және ШЫҰ жанынан Су проблемасын талдау орталығын құру ұсынылды. Президентіміздің Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін, әсіресе Каспий теңізінің өте нашар экологиялық жағдайын халықаралық күн тәртібіне енгізу туралы мәселе көтеруі Қазақстанның халықаралық аренадағы жауапкершлігін және конструктивтілігін байқатты. Қазақстан Астанада ШЫҰ жанынан Су проблемасын талдау орталығын құруды ұсынды және келесі жылы өңірлік экологиялық саммит өткізуді жоспарлап отыр. Бұл позиция Қазақстан жаhандық тұрақтылық, тыныштық және адамзат болашағына да алаңдайтынын көрсетті.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Астана Халықаралық Қаржы Орталығы базасында инвестициялық жобарларды сүйеселдейтін кеңесін құруды және ШЫҰ Даму Банкін Астанада орналасуын ұсынды, Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құру және оның штаб-пәтерін Шанхайда орналастыру туралы ұсынысын қолдады.
Бұл бастамалар Қазақстанның беделін айтарлықтай арттырады. Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерінен тыс, өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуге дайын жауапты серіктес ретінде көрсетті. Бұл, өз кезегінде, жаңа әріптестік мүмкіндіктерін ашады. Мысалы, экологиялық бастамалар халықаралық қорлардан қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді, ал цифрлық бастамалар Қазақстанды жаһандық технологиялық диалогтың бөлігіне айналдырады.
Сапардың нәтижесінде "қазақ-қытай қатынастарының жарқын болашағы" айтылды. Сіздің ойыңызша, осы сапар ұзақ мерзімде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті қандай бағыттарда күшейтеді?
"Қазақ-Қытай қатынастарының жарқын болашағы" тек сөз тіркесі емес, нақты сипатқа ие болып келе жатқан стратегиялық болжам. Бұл сапар серіктестікті келесі негізгі бағыттар бойынша күшейтеді:
1. Энергетикалық Одақтан Инновациялық Одаққа өту: Қатынастар шикізатты сату-сатып алудан технологиялық трансферт, бірлескен өндіріс және "жасыл" және атомдық энергетика сияқты болашақ салалардағы зерттеулерге ауысуда.
2. Транзиттік тораптан Өндірістік хабқа өту: Қазақстан Қытай мен Еуропаны жалғастыратын көпір ретіндегі рөлін сақтай отырып, сонымен бірге машина жасау және компоненттер шығару сияқты өзіндік өндіріс кластерлерін дамытады.
3. Қауіпсіздіктегі Серіктестіктен Жаһандық Басқару Серіктестігіне өту: Екі ел БҰҰ реформасы, жаһандық қауіпсіздік және экология сияқты жаһандық күн тәртібінде бірлесіп әрекет етеді.
Қорыта айтсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары табысты дипломатияның нақты үлгісі болды. Ол тек қысқа мерзімді экономикалық пайдаға ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес келетін терең стратегиялық серіктестікке бағытталған. Қазақстан мен Қытай арасындағы "мәңгілік стратегиялық серіктестік" тек декларациялық деңгейде ғана қалмай, ол нақты экономикалық жобалармен, терең саяси диалогпен және мәдени-тарихи байланыстармен толықтырылып, жаңа мазмұнға ие болды. Нақты келісімдер, жоғары деңгейдегі сенім және жаһандық бастамалардың үйлесімі Қазақстанды бүгінгі күрделі әлемде тұрақты және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде бекітуге үлес қосады.
Қазақстан Қытайдың инвестицияларын және технологияларын экономиканы әртараптандыру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін пайдалануды жалғастыруда. Сонымен бірге, Астана халықаралық істерде өз позициясын сақтап, көпвекторлық және жаhандық проблемаларды шешудің конструктивтік тәсілдерін насихаттайды. Бұл сыртқы саясат Қазақстанға мына тұрақсыз әлемде балансты сақтауға және өз даму жолын сәтті жалғастыруға мүмкіндік береді.
Осы үдерісте Қытай – Казақстан үшін тек ірі экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге геосаяси маңызы зор, бейбітшілік пен өзаратиімді мүддеге негізделген көршілес мемлекет.