Қызыл кітапқа енген балық уылдырығы 280 мың теңгеге өтпей тұр

2368

Маңғыстау облысындағы бекіре өсіретін зауыт 8 жылда бірінші рет ірі көлемде уылдырық өндірді. Құны бір келісіне 280 мың теңге тұратын қара уылдырықты сатылымға да шығарып үлгерген. Бірақ, қолдан өсірген өнімге айтарлықтай сұраныс жоқ. 

Қызыл кітапқа енген балық уылдырығы 280 мың теңгеге өтпей тұр

Биыл зауыттағылар 250 бекіре аналығынан уылдырық алған. Ол үшін салмағын 60 келіге дейін жеткізу керек. Арасында тез уылдырық беретін түрлері де бар. Дегенмен азығы Польшадан келеді. Дәрумендер құны нарыққа сай ұшып тұр. Бірінің бағасы 15-16 мың теңге болса, уылдырық алатын кезде егілетін екпенің бағасы - 650 мың теңге.  Өндіруші осы шығындарға қарамастан, баға төмен - дейді.

Өндіруші биыл уылдырықтардың саудасы сәтті болса, бағаны тағы да түсіретінін айтты.  Өйткені, осы жылдан бастап кәсіпорын мамандары біршама шығындарды азайтқан. Биыл аналық бекірелерді қыстау кезеңін Атыраудан емес, зауыттың өзінде атқарып отыр. Теңізде 7-8 жылда өнім беретін бекіреден 5-6 жылда уылдырық ала бастаған. Ал балықтарының салмағы 60 келіге жеткен. Мұның артында мемлекет тарапынан болған қолдау мен мамандардың жанкешті еңбегі бар. 

"Балықтың бұл түрлері тез салмақ жинайды. Екі жыл ішінде 4-5 келі болады. Бұл оларды сатуға қолайлы көрсеткіш. Өзіндік ерекшеліктері тез уылдырық шашуында. Себебі, басқа түрлерінде бұл кезең 7-8 жылға созылады", дейді Бекіре тұқымдас балық өндіретін кәсіпорын маманы Мұса Емир. 

Қазір балықтарды қыстан аман шығару керек. Жақында уылдырық алу тәжірибесін қорытпа деген түріне өткізеді. Бұл одан да күрделі - дейді мамандар. Балықтарды еттей сату және уылдырақ алуға бөлу үшін аналық бекірелердің қыстау кезеңі сәтті өтуі тиіс.

Нұрлан Қуанышбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу