Қызылорда қаласында биыл 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылды

1537

Облыста нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қызылорда қаласында биыл 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылды

Қызылорда қаласында шағын және орта бизнестің саны артты. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Оның нақты дәлелі, облыста нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде болуы. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерде 50 020 адам жұмыспен қамтылған. Жыл көлемінде қалада өз қаражаты есебінен жалпы құны 3 млрд 878 млн теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылса, шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 2 мың 545 кәсіпкерлік субъект тіркеліп, жаңадан 2 мың 627 жаңа жұмыс орны ашылды", – дейді Алмасбек Есмаханов.

Сонымен қатар "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға" арналған бағдарламасымен 137 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 32 жоба мақұлданып, 23 жобаға  қайтарымсыз қаражат беріліпті.

Алмасбек Есмаханов "Қарапайым заттар экономикасын дамыту" бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында қала бойынша 19 жоба қолдау тапқанын да атап өтті.

Сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша "Бизнес-Кеңесші" жобасында  535 адам оқытылған, бұған қоса  "Бизнес-Бастау" жобасы аясында 140 азамат оқыса, қазіргі таңда  жоба аясында 118 адам оқытылуда.

Ал, "Жас кәсіпкер" жұмыссыз жастарды оқыту жобасы бойынша қала және елдімекендерден 310 жұмыссыз жастар оқытылып, оның ішінде 252 жас азаматтар өздерінің бизнес жобаларын қорғап шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу