Қызылорда облысында ана мен бала өлімі көбейген

2362

Мамандар көрсеткіштің өсуіне коронавирус инфекцияның едәуір әсері бар екенін айтып отыр. 

Қызылорда облысында ана мен бала өлімі көбейген

Қайтыс болған аналардың 58,3% вирус инфекциясына шалдығып, асқыну салдарынан көз жұмыпты. Республика көлемінде 3 есеге жоғарылаған қауіпті жағдай аймақты да айналып өтпеді. 

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова, ана өлімі себебінің 83,3% жүктілікке байланысты емес аурулардан болды дейді. Яғни созылмалы сырқаттардың өршуі ана өліміне әкеп соқтырған. Белгілі болғанындай жүкті әйелдердің 58,4%-нен созылмалы аурулар анықталған. Сонымен қатар босанғаннан кейінгі асқынулардың да қатары артқаны байқалады. 
Биылғы жылдың 11 айы бойынша сәби өлімі былтырғымен салыстырғанда 11,8% жоғарылаған. Яғни, жыл басынан бері мың нәресте дүниеге келсе оның 200-і шетінеп кетіпті. Өңірде диспансерлік есепке алынған әйелдер саны да былтырғыға қарағанда 16%-ке жоғары. 

"Аналарымызды маусым және тамыз айларында көп жоғалттық. Бұл айларда 7 жағдай тіркелді. Мұңдай жағдай бүкіл республика бойынша орын алып отыр. Мына пандемия өзінің әсерін тигізді. Әйелдердің денсаулық индексінде олардың аурушандығына байланысты перинетальды кезеңде балалардың аурушаңдығына байланысты көтеріліп отыр", - дейді басқарма басшысының орынбасары. 

Сәби өлімінің негізгі себептері перинатальды кезеңде дамитын аурулар, яғни туу барысында және туғаннан кейін орын алған асқынулар мен сәбилер аурушандығы. Осы ретте босанған 135 жүкті әйелдің тек төртеуінің нәрестесінде ғана оң мәнді коронавирустық инфекциясы тіркелген. Симптомсыз ағымға өткен аурудан соң сәбилер үйіне қауіпсіз жағдайға шығарылған. Жаңа туған нәрестелер арасында ковидтен өлім тіркелген жоқ.

"Бүгінде өңірге реанематолг пен ненатологтар жетіспейді", деген Анар Шүкірова, бұл бағытта жұмыстар жалғасып, мамандар даярлануда екенін айтты. 
Демографиялық ахуалға тоқталсақ, аймақта бала туу көрсеткішінде оң динамика байқалып, 11 айдың қорытындысымен дүниеге келген нәресте өсімі 22293-ке көбейген. 

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу