Қызылорда өңірінде халық санағын жүргізуге 1300-дей адам жұмысқа тартылады

1049

Биыл ұлттық халық санағы өтеді. Қазір "Қазақстанда әркім маңызды!" атты девизі мен логотипі бекітілді. Санақ екі кезең бойынша өткізеледі. Бірінші кезең 1-30 маусым аралығында тұрғын жайлар нақтыланады. Аралау нәтижесі бойынша санақ учаскелеріне бөлінеді. Екінші кезең, яғни 1 қыркүйектен 30 қазан аралығында санақ жұмыстары жүргізіледі.

Қызылорда өңірінде халық санағын жүргізуге 1300-дей адам жұмысқа тартылады

Қызылорда облысында санақты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні санақты жүргізуге қажетті қала, аудан орталықтарының схемалық картографиялық материалдары 4 данадан, ауылдық оқругтерінің карталары 3 данадан қағаз түрінде шығарылып, дайындалған. Санақ жұмыстарына жалпы 1258 адам уақытша жұмысқа тартылмақ. Оның 159-ы нұсқаушы-бақылаушылар, ал 974-і сұқбаттаушылар болмақ.

"Санақтың 1 кезеңін өткізетін 20 нұсқаушы-бақылаушы, 133 сұқбатшыларды алу бойынша департаменттің сайттына хабарландырулар берілді. Өздеріңізге белгілі, биылғы өтетін халық санағы электронды форматта өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл жұмыстарға планшетпен жұмыс жасай алатын адамдар тартылатын болады. Цифрлық технологиялар басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша ЕТС VPN-ге 146 елдімекен қосылған. ЕТС VPN-ге қосылған елді мекендердің арналық өткізу қабілеті, жылдамдығы әлде де пысықталуда. Облыс бойынша орналасқан шетелдік кәссіпорындардың және тұруға арналған вахталық кенттердің тізімдері де нақтыланды", – дейді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.

Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу