Қызылордадағы шыны зауытын дамытуға 42,1 млрд теңге қажет

1998

Өндіріс орны ашылса, 360 адам жұмыспен қамтылады.

Қызылордадағы шыны зауытын дамытуға 42,1 млрд теңге қажет

Шыны зауытының айналасында 42,1 млрд теңге болатын сегіз ілеспе өндіріс іске қосылатын болды. Қандай жобалардың іске асатынын Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан білдік.

Алдымен зауыт айналасында шыны талшық өндірісі іске қосылмақ. Бұл жоба 2 млрд теңгеге бағаланып отыр. Осы өндіріс есебінен 160 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

"Бүгінде "Қызылорда композиттік материалдар зауыты" компаниясы құрылып, жер учаскесі таңдалып, жобалауға кірісті", – делінеді басқарма жауабында.
Құны 4 млрд теңгені құрайтын "Айналар өндірісі" жобасы келер жылға жоспарлануда. Бүгінде "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы "Дана кварцпен" бірлесіп Бельгия, Германия және Чехиядан инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы өндірісті іске қосқаннан кейін 50 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Үшінші жоба – "Шыны ыдысы өндірісі". Оның құны 10 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл жобаның қайтарымы мол. Өйткені еліміздегі шыны ыдысына деген сұраныс жоғары. Мәселен, еліміздің компаниялары жыл сайын Ресейден 12 млрд теңгеге ыдыс сатып алады екен. Өндіріс іске қосылса, 50 жұмыс орны ашылмақ.
Жыл соңына дейін 42,1 млрд теңгенің табақ шыны өндіретін зауыты жұмысын бастамақ. Жобаның қуаттылығы жылына 197,1 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорынды іске қосу есебінен 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

Айта кетейік, осы зауыттың "балқыту пеші" 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған болатын. Алайда коронавирустың таралуына байланысты "балқыту пешін" қосу мерзімі өзгерді. "Orda Glass Ltd" компаниясының хабарлауынша, жабдықты іске қосатын мамандар Қытайдан келеді.

Естеріңізге сала кетейік, шыны зауыты 2019 жылдың аяғында қосылу керек еді. Бірақ былтырғы жылдың сәуір айындағы құрылтайшылар арасындағы өзара түсінбеушіліктерге байланысты зауыт пайдалануға берілмеді. Оның себебін облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы, америкалық "Stewart Engineers" компаниясы жобаға одан әрі қатысудан ешқандай дәлелсіз бас тартты, осылайша жобаның бас құрылтайшысы – қытайлық "King Charm Development" компаниясы қиын жағдайда қалды. Кейін америкалық тарап "Orda Glass" келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындағаннан кейін Қызылордадағы шыны зауытының жобасына оралуға ниет білдірді деген болатын. 
 
Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу