Павлодар өңірінде туған кәсіпкер әйел балтық елдеріне барып, "Павлодар" деген атаумен шеберхана ашқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
13 қаңтар күні Павлодар облысы әкімінің блогына Литвада тұратын Екатерина есімді әйелден хат келіп түсті. Онда жерлесіміз өзі тұратын елде шеберхана ашқанын және оны туған қаласының атымен атағанын айтқан.
"Құрметті жерлестер, мен Павлодар қаласының елтаңбасы салынған баннерге тапсырыс бергім келеді. Оны өзімнің шеберханамның дәрежесін көтеру үшін қолданамын. Сонымен қатар, Павлодар облысының тарихы мен қала символы болған елтаңбасы туралы қысқаша сипаттап жазбақшымын", - дейді шетелде тұратын Павлодардың тумасы.
Облыс әкімінің өкілдері оның туған қаласына деген шексіз құрметіне алғысын білдіре отырып, қала таңбасы мен Павлодар облысының тарихынан қысқаша мәлімет жіберетіні жөнінде уәде берді.