Ливанда полиция мен халық арасында қақтығыс кезінде 226 адам жараланды

911

Триполиде 3 күн қатарынан локдаунға қарсы наразылық шеруі болып жатыр. Акция соңы полиция мен демонстранттар арасындағы қақтығысқа ұласып, 226 адам жараланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ливанда полиция мен халық арасында қақтығыс кезінде 226 адам жараланды Фото: reuters.com

Тәртіп сақшылары көшеге шыққандарға қарсы оқ атып, күш қолдануда. Себебі олар үкімет үйін басып алмақ болған. Салдарынан 35 адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті.

Билік індет ушығып кеткен соң 1 тәулікке комендаттық сағат жариялаған болатын. Өйткені коронавирус жұқтырған 2500 адам жан тапсырған еді. Алайда мұндай шектеудің тиімділігі шамалы дейді жергілікті тұрғындар.

Бұл жақтағы халықтың дені кедей. Отыз жыл бұрын аяқталған азаматтық соғыстан соң Ливанның жағдайы оңалмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу