"Қазақстан темір жолы" Etihad rail компаниясымен көлік-логистика саласында ынтымақтастық орнатпақшы.
ҚТЖ президенті Қанат Алпысбаев Біріккен Араб Әмірлігінен келген делегациямен кездесу өткізіп, компанияның жұмысын таныстырды. Шетелдік меймандар локомотив құрастыру және "Тұлпар – Тальго" зауыттарын аралап көрді. Сондай-ақ осы күні еліміздің көлік-транзиттік әлеуеті Венадағы Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алаңында кеңінен талқыланды.
KTZ Express компаниясының атқарушы директоры Сергей Анашкин Қазақстан аумағында логистикалық әлеуетті дамытып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын баяндады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу