Ляззат Рамазанова: БҰҰ-ның аймақтық хабы ретінде Қазақстан өте жақсы алаң бола алады

697

Халықаралық алаңда Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды.  

Ляззат Рамазанова: БҰҰ-ның аймақтық хабы ретінде Қазақстан өте жақсы алаң бола алады

Санкт-Петербургте үшінші Еуразиялық әйелдер форумы өтіп жатыр. Екінші күні оған мың жарымға жуық адам қатысты. Арасында парламентарийлер, билік пен халықаралық ұйым өкілдері, іскер әйелдер бар. Қазақстан атынан бұл басқосуға бір топ депутат барды, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz-ға сілтеме жасап.

Санкт-Петербургтегі үшінші Еуразиялық әйелдер форумында саясат пен бизнестен бөлек, экология, денсаулық сақтау, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету мен еңбекақы мәселелері талқыланды. Жетістікке жеткен жандар сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Оның ішінде қазақстандық делегация да бар.

Біздің ел басқосуда Алматыда еуразиялық зерттеу орталығын құруды ұсынды. Ол бүкіл әлемдегі әйелдерге қыз-келіншек пен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға мүмкіндік бермек.

"Гендерлік бастамаларды қолдау саясатында жүйелілік жоқ. Өз білім-білігімізді қолданып, Орталық Азия гендерлік ағарту орталығын құратын уақыт келді. БҰҰ-ның аймақтық хабы ретінде Қазақстан өте жақсы алаң бола алады. Соның аясында тәжірибесі мол мамандарды тартуға болады", – деді Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ляззат Рамазанова.

Халықаралық алаңда Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды.

Біздің елімізде әйелдер қауымы әр салада қызмет етіп жүр. ЖІӨ-нің шамамен 40 пайызы әйелдердің есебінен құралады. Шешім қабылдау жағынан да іскер әйелдердің үлесі біршама артқан. 30 пайыздық гендерлік квота енгізілгелі жергілікті билік органдарына сайланған әйел-депутаттар саны екі есеге өсті. Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 60 пайызы – әйелдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу