Майқайың кентінің жанында автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.30-да көліктің өртенгені туралы кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Сағат 11.10-да толығымен сөндірілген.
"Майқайың – Екібастұз тас жолындағы автобустың 17 шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен. Көлік "Майқайыңалтын" АҚ Талдыкөл разрезіне тиесілі. Құтқарушылар келгенге дейін разрездің алты жұмыскері өздігінен сыртқа шыққан, - дейді департаментте.
Оқиға орнында жеке құрамнан үш адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу