Макрон БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін сынады

619

Бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасы БҰҰ-дан Африка құрлығына осы органның тұрақты мүшелігін беруді талап еткен еді.

Макрон БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін сынады

Франция президенті Эммануэль Макрон Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды. Оның айтуынша, бұл орган қабылдап жатқан қазіргі шешімдер тиімділігін жоғалтқан.

"Жан-жақты ынтымақтастық бәсеңдеді, өйткені оған шектеу қойылып жатыр. Бүгінгі таңда Қауіпсіздік Кеңесі қабылдап жатқан шешімдер тиімді емес", – деді ол.

Бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасы БҰҰ-дан Африка құрлығына осы органның тұрақты мүшелігін беруді талап еткен еді. Осы елдегі биліктің пікірінше, халық саны миллиардтан асатын құрлық мұндай өкілдікпен қамтамасыз етілуі тиіс. 
Қауіпсіздік Кеңесі – әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған БҰҰ органы. Оның тұрақты бес мүшесі бар: Ресей, Британия, АҚШ, Қытай, Франция.

Табиғат Нұрболат
Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу