Дзюдодан Антальяда өткен "Гран-при" додасында 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Максим Раков күміс жүлдегер атанды.
Дзюдошымыз жартылай финалда ресейлік Нияз Ильясовтан басым түсіп, финалда тағы бір ресейлік Адлан Бисултановтан ұтылды.
Ауыр және аса ауыр салмақта күрескен Зарина Райфова мен Альбина Амангелдиева қола медаль иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу