Малайзиядан Қазақстанға әуе рейстерінің саны артады

669

Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюде.

Малайзиядан Қазақстанға әуе рейстерінің саны артады

ICAN 2019 аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет башысының "ашық аспан" тапсырмасы аясында Малайзия әуекомпанияларына жиілік бойынша шектеусіз және әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалану арқылы Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) тұрақты рейстер орындауға мүмкіндік берілді", – делінген хабарламада.

Малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері Қазақстанға 2020 жылдың 2-тоқсанынан бастап рейс ашуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу