Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өтуден қорғануға көмектесетін ұсынымдарға тоқталды деп жазады inbusiness.kz
Күн тию – іште пайда болатын және организмге сырттан келетін жылудың іс жүзінде болмауынан организмнің жылу тепе-теңдігінің бұзылуы. Оған жоғары температура мен ылғал әсер етеді. Ал, күн өту адамның тікелей күн сәулесінде бас киімсіз ұзақ жүруінен пайда болады.
Ведомствоның мәліметінше, ыстық өтудің белгілеріне дене температурасының көтерілуі, жалпы әлсіздік, бас айналу, қатты бас ауруының пайда болуы, көздің қарауытуы жатады. Бұдан бөлек құсу және диарея, мұрыннан қан кету және көру бұзылыстары да болуы мүмкін. Бет терісі бозғылттанып, тыныс алу және жүрек ырғағы да бұзылады, дейді мамандар.
"Сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін ең жоғары күн белсенділігі сағаттарында жазғы күн сәулесінен абай болған жөн. Ауыр физикалық еңбекті және қарқынды спорт пен дене шынықтыруды таңертеңгі немесе кешкі уақытқа қалдыру керек. Жағажайда суға түсер алдында көлеңкеде бірнеше минут демалған дұрыс. Табиғи мата, мақта немесе зығырдан жасалған, жеңіл әрі бос киімдер киген абзал. Бұдан бөлек бас киім киіп жүру керек. Сондай-ақ күннен қорғайтын көзілдірік таққан да дұрыс. Ыстық күнде сұйықтықтың күнделікті мөлшерін көбейтіп, суды аз мөлшермен, бірақ қысқа уақыт аралығында ішкен жөн. Бұл уақытта квас, морс және көк шай ішкен пайдалы. Темекі шегуді, күшті қара шай, кофе мен алкогольді ішуді шектеп немесе одан бас тартқан дұрыс", - делінген хабарламада.
Сарапшылардың сөзінше, құрамында көмірсулары көп тағамдарды тұтынуды көбейтіп, майлы және жоғары калориялы тағамдардан уақытша бас тартқан жөн. Ашытылған сүт өнімдерін ішіп, сонымен қатар жаңа піскен жемістер мен көкөніс жеген абзал.