Маңғыстау ТЭК қаңтар-қыркүйекте ҚСХС бойынша таза кірісін 4,7%-ға арттырды

1069

 Маңғыстау ТЭК қаңтар-қыркүйекте ҚСХС бойынша таза кірісін 4,7%-ға арттырды

"Маңғыстау таратушы электр желілері компаниясы" АҚ (МТЭК) 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,194 млрд теңге таза кіріс кіргізді, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға көп, делінеді компанияның ҚСХС бойынша қаржылық есебінде. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

МТЭК аталған кезеңдегі жалпы кірісі 32,3%-ға, 2,716 млрд теңге дейін, табыс – 12,6%-ға - 7,512 млрд теңге дейін, операциялық кіріс – 1,4 есе, 1,985 млрд теңгеге дейін жеткен. Компанияның активтері үстіміздегі жылдың басынан бері 12%-ға – 34,536 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер – 17%-ға, 18,144 млрд теңгеге дейін, дербес капитал – 7%-ға, 16,392 млрд теңгеге дейін артқан.  МТЭК Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату сегментінде монополиялық позицияны иеленеді.  Компания акцияларының басым үлесін (78,64% акцияларына ие) бақылауда ұстайтын мажориталық акционері "Самұрық-Энерго" болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу