Маңғыстауда "Каспий" ӘКК тиімсіз жобаларға қаржы салған

582

Корпорация қаржыландырған бірнеше жоба мүлдем жүзеге аспай қалған.

Маңғыстауда "Каспий" ӘКК тиімсіз жобаларға қаржы салған

Маңғыстау облысындағы "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бюджет қаржысын оңды-солды шашып, тиімсіз жобаларды қаржыландырғаны белгілі болды.

Бірқатар заңбұзушылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті өкілдері анықтады.

Іске аспаған жобаның бірі – Полимерлі қаптама өндірісі. Жоба құны 65 млн теңге. Оның шикізатына қосымша 12 млн теңге, айналым қаражатын ұлғайтуға 14 млн теңгедей бөлінген болып шықты. Өткен жылы іске қосылуға тиіс зауыттың әлі іргетасы да жоқ. Бұдан бөлек, балық цехы, диірмен комбинаты, "Аққу" тұрғын үй құрылысы жобаларына қатысты да көптеген заңсыздықтар анықталды.

"Автобус паркін жаңалауға қатысты жобаларда жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Басқа кәсіпкерлерге дайындалып келіп соңында басқа кәсіпкерлерге берілген. Біз талдау қорытындыларын құзырлы мекемелерге жолдадық соның ішінде бәсекелестікті қорғау департаментіне жолдадық",  дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі МО департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Аталмыш деректер 2020 жылға дейін болған.

Департамент өкілдерінің сөзінше, корпорацияның азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары мен шығындалған бюджет қаражаттары да тиісті нәтиже бермеген.

"Каспий" ӘКК жер беру мәселелері аукцион арқылы жүзеге асырылмаған, инвестициялық жобаларға берілуі тиіс жер телімдері коммерциялық жобаларға берілгені анықталды. Бұл іспен құзырлы органдар айналысып жатыр.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу