Маңғыстауда кеме жасау мен теңіз инфрақұрылымын дамытуға инвесторлар көмектеседі

327

Аймақта өндіріс көлемін ұлғайту үшін инвестициялық қаражат тартылмақ. 

Маңғыстауда кеме жасау мен теңіз инфрақұрылымын дамытуға инвесторлар көмектеседі Фото: Кеме жабдықтары және сервис зауыты

Маңғыстау облысында кемелерді жөндеу және салумен айналысатын кәсіпорын 13 жылдан бері жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кеме жабдықтары және сервис" ЖШС мамандары азаматтық және әскери мақсаттағы кемелерді құрастырады. Ішкі және сыртқы нарыққа өнім шығарған тәжірибесі бар.

"Біз дамуға бет алдық, қызмет көрсету нарығын ұлғайту, сондай-ақ, жаңа өнімді енгізу әлеуетін жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда, компанияның стратегиялық жоспарын болжауға болады. Сонымен қатар, облыстарға өнім көлемін, кемелерге қызмет көрсетуді арттыру үшін кеме жөндеу және кеме жасау зауыты қажет. Қазір, біз Қазақстан нарығына қызмет көрсете алатын кәсіпорынның қажет екенін көріп отырмыз. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелердің ішкі паркі шамамен 350 бірлікті құрайды", - дейді кәсіпорын директоры Дмитрий Донской.

Кеме жасау зауытын салу үшін кеме жөндеу және кеме жасау технологиялары қажет. Бұл өнімді үлкен көлемде өндіруге мүмкіндік беретін инфрақұрылым қажет. Атап айтқанда, айлақ қабырғалары, көтеру механизмдері, кемелерді, цехты көтеруге және түсіруге арналған слиптер, оның ішінде, металл өңдеу жабдықтары бар. Адами ресурстар бірдей маңызды – кеме жөндеу және кеме жасау бойынша кәсіби дағдылары бар инженерлер, технологтар және дизайнерлер қажет.

"Біз инвестиция саламыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Маңызды серпіліс жасау үшін серіктестер – кеме жасау тәжірибесі бар мемлекеттердің ұйымдары осы технологияларды бізбен бөлісе алатындар қажет. Қазақстан нарығы осы бағыттағы инвесторлар үшін тартымды болып тұр. Бірақ олар барлық тәуекелдерді есептеуге ниетті. Салынған қаражаттың инвестициялық салымдарды өтеуі және пайда табуы үшін кәсіпорынның қажетті тапсырыстар көлеміне ие болуын қамтамасыз ету. Біз инвестордың 2025 жылға арналған жобамызға кірісуін белгіледік. Болжам бойынша, инвестицияның күтілетін көлемі 20-40 млн АҚШ долларына дейін болуы тиіс", – деп хабарлады кәсіпкер.

Инвесторлармен ынтымақтастық үшін компанияның әртүрлі ұсыныстары бар: кәсіпкерлер үлестік қатысуға кіре алады, консорциум қағидаты бойынша жұмыс істей алады, инвесторлар компанияға тең құрылтайшылар ретінде кіру мүмкіндігі бар.

Қазақстандық инвестор үшін кеме жасау саласы қауіпті болып көрінеді. Капиталды жұмсау үшін олар неғұрлым қарапайым жобаларды іздейді екен. Қазір мекеме Түркия, Корея және Ресей инвесторларымен ынтымақтастық мәселелерін пысықтап жатыр.

Инвестордан келсе, көршілес Ресей мен Әзірбайжанға кететін тапсырыстар Маңғыстау облысында қалып, елдің ішкі нарығына оң әсер ететіні белгілі. Қазақстанда көлік-логистикасы бағытын күшейту – уақыт талабы.

"Біз жаңа технологияны меңгеріп, өскіміз келеді. Біз кеме жасау мен теңіз инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ, Ұлттық теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға мүдделіміз. Қазақстанның осы мәселе бойынша басқа елдер деңгейінде болғанын, саланың дамығанын, жаңа жұмыс орындарының пайда болғанын қалаймыз. Басқа мемлекеттерге тәуелді болмау үшін Қазақстан нарығына отандық өнімді өз верфтерінде шығару маңызды. Біздің мамандар жұмысқа тартылуы керек. Инвестор өз қызметкерлерінің бірнешеуін әкелсе де, жергілікті мамандар олардан тәжірибе алады. Кәсіпорында 3 жыл 14 адам жұмыс істеді. Бүгінде олардың қатары 60-қа жетіп жығылады. Кеме жасау зауытының құрылысы шамамен 250 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", - дейді Дмитрий Донской.

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органнан қолдау тапқан. Әкімдік объектінің жаңа кезеңдерін салу үшін жер берді. Жоспарға сәйкес, кеме жасау зауыты Өмірзақ ауылының жанындағы 5 гектар жағалау аймағына салынбақ. Бүгінде жобаның құжаттық бөлігі пысықталуда.                                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу