Маңғыстауда жекеменшік мектептер саны артты

316

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында биылдың өзінде 2 мектеп пайдалануға беріледі. Былтыр мұнда 4 білім мекемесі салынған еді. Жекеменшік мектептер есебінен 3 ауысымда оқыту мәселесін шешу жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Маңғыстауда жекеменшік мектептер саны артты Фото: Яндекс

Мәселен, Басқұдық ауылындағы №9 мемлекеттік мектеп  1200 орындық болса да, онда 3700  бала оқиды. Ауданда осындай жағдайдағы тағы 5 мектеп бар. Енді жекеменшік мектептерге иек артуға тура келеді, дейді мамандар. 

1200 орындық жеке мектептің құрылысы жартылай бітті. Келер оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс. Сол кезде осы елді-мекендегі 3 ауысымда оқыту тоқтайды. Ал Атамекен ауылында былтыр 2 жекеменшік мектеп пайдалануға берілген. Биыл тағы біреуі ашылмақ. Ол үшін қазір бір кәсіпкер тойхана ғимаратын қайта жөндеп, білім беретін мекемеге бейімдейд. 

"Біз бір ауысымда 500 бала оқыта аламыз. Ол дегенің 2 ауысымда 1000 бала оқиды. Жазға дейін құрылыс жұмыстарын бітіріп, жазда оқушы қабылдап бастаймыз. Жеке меншік мектептер Қызылтөбе мен Шерқала ауылында да бой көтермек. Ал, алдағы 3 жылда ауданда "Жайлы мектеп" жобасы аясында 6 білім беру ұйымын салу жоспарланып отыр",- дейді кәсіпкер Азат Жолбай.

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлының айтуынша, былтыр ауданда үш ауысымда оқытылатын 6 мектеп бар еді. Қазір 5 мектеп болып отыр. "Жайлы мектеп" жобасымен және жекеменшік секторларда салынып жатқан жобалармен қоса есептегенде 3 жыл ішінде 3 ауысымдық мектептерді жоюға мүмкіндік бар.

Жалпы облыста 3 ауысыммен оқитын 15 мектеп бар. 9 мыңнан астам оқушыға орын жетпейді. Сондықтан 2025 жылға дейін өңірде 24 мектеп салу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу