Марош Шефчович АҚШ-тың Париж келісімінен шыққанына өкініш білдірді

923

Марош Шефчович АҚШ-тың Париж келісімінен шыққанына өкініш білдірді

Астанада өтіп жатқан "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" конференциясында біріккен ұлттар ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі бас директоры Ли Юнның төрағалық етуімен  тұрақты энергетиканың проблемалары мен перспективалары талқыланды.

Отырыстың ашылуында еуропалық комиссияның энергетика одағы мәселелері жөніндегі вице-президенті Марош Шефчович сөз сөйледі. Ол Париж келісіміне сәйкес әр елдегі температураның жоғарылауын бақылауға қол жеткізу үшін парниктік газдардың бөлінуін төмендету жөніндегі ұлттық жоспардың барын еске салды. Сонымен қатар парниктік газдардың бөлінуін төмендету жөнінде үлкен шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

"Осыған байланысты АҚШ-тың Париж келісімінен шығу туралы біржақты шешім жасағаны өкінішті екенін, бірақ біз бұл шешім Құрама Штаттар, Калифорния, Вашингтондағылардың көбісіне қосымша ынталандыру беретінін айтқым келеді. Осы штат басшылары, сондай-ақ көптеген қала мэрлері  мен америкалық корпорация басшылары нәтижеге қол жеткізу үшін  париж келісімі барысындағы шарт бойынша жұмыс істейтіндіктерін айтты", - деп мәлімдеді  Марош Шефчович.

Іс-шараға БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі бас директоры Ли Юн, Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ресейдің энергетика министрі Александр Новак,  Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл-Фалих,  Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас директоры Ли Йонг, Біріккен Араб Әмірлігінің мемлекеттік министрі Сұлтан Ахмед Аль-Джабер, Газ экспорттаушы елдер форумының бас хатшысы С.М. Хуссейн Адели, "Баршаға ортақ тұрақты энергетика" БҰҰ бастамасының бас атқарушы директоры Рейчел Кайт қатысты.

Қатысушылар елдердің 2030 жылға дейін энергетикалық қызметтерге күн сайын өсіп бара жатқан сұранысты сәтті үйлестіру және энергетикалық ресурстарды пайдалану мен дамыту салдарын жою үшін жалпымемлекеттік іс-қимыл бағдарламаларына тұрақты энергетикаға қатысты бірлескен және шұғыл әрекеттерді тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне енгізуді әлі де талап ететінін атап өтті.

Министрлер алдағы онжылдық кезеңге өз тәжірибелері және пайымдауларымен бөлісіп, жаңартылатын энергетика және қазба отынның өзара әсеріне бағытталған мүмкіндіктерді және бірлесе күш жұмсауды талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу