Маусымаралық кезеңде көкөністерді импорттау бойынша жол картасы жасалмақ

435

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу шаралары бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маусымаралық кезеңде көкөністерді импорттау бойынша жол картасы жасалмақ Фото: gov.kz

Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдәбековтің айтуынша, маусымаралық кезеңде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін өңірлік ӘКК жасаған көлемі 206 мың тонна көкөніс өнімдерін қамтамасыз ету бойынша жасасқан 120 келісім-шарттың тек 125 796 тонна жеткізу көлеміне 80 келісім-шарты ғаны заңды күшіне енген. Сонымен қатар, келісім-шарттардың көпшілігінде жоғарылатылған бағамен сату және шартта көрсетілген көлемді толық жеткізбеу үшін айыппұлдар қарастырылмаған.

"Көптеген шарттарда бағаны қайта қарау көзделмеген және тиісінше баға төмендеген жағдайда қосымша келісімдер жасалмайды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында ЖК-нің біреуімен жасалған шартта сәбіздің құны кг үшін 200 теңгені құрады. Ал бүгінгі таңда сәбіздің орташа бағасы 150 теңгені құрады, алайда шарт қайта қаралмады", – хабарлады Айдар Әбілдабеков.

Пияз, картоп, сәбіз және қырыққабатты маусымдық сатып алу мәселесі бойынша Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мен сауда желілерінен маусымаралық кезеңде көкөністерге қажеттілік туралы деректер алынған. Алайда, бұл деректер қайта қарауды талап етеді, өйткені 20 мың тонна мөлшерінде қалыптасқан жиынтық көлем маусымаралық кезеңде қала халқының қажеттіліктерін жеткіліксіз дәрежеде қанағаттандырады.

Арман Шакқалиев 2023 жылғы маусымаралық кезеңде көкөністерді импорттау жөніндегі жол картасының жобасын ұсынды. Бұл карта өңірлер мен сауда желілері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортын бөлу бойынша бөлуді, КО көкөніс импортына жеткізушілермен уақтылы шарттар жасасуы үшін өңірлердің әкімдіктері арқылы айналым схемалары бойынша сауда желілерін қаржыландыру мерзімдері мен көлемін көздейді. Өз кезегінде Сауда және интеграция министрлігі тарапынан Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы арқылы уақтылы жеткізу үшін жасыл дәлізді қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсетілетін болады.

Қант зауыттарын қаржыландыру жағдайы бойынша Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі бүгінгі таңда 4 облыс - Ақмола Атырау, Қостанай және Жетісу - қант зауыттарына қаражат бөлмегенін хабарлады. Вице-премьер СИМ мен өңірлерге әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі келесі кеңеске дейін қант зауыттарымен туындаған барлық мәселелерді пысықтауды және қаржыландыруды жүргізуді тапсырды. Барлық әкімдіктерге пияз, картоп, сәбіз және қырыққабатты маусымдық сатып алудың "айналым схемасы" бойынша сауда желілерімен келісімшарттарға қол қою бойынша жұмысты ерекше бақылауға алу және жеделдету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу