Мәжіліс депутаты Жаңатастағы өртке байланысты депутаттық сауал жолдады

1346

Фахриддин Қаратаев бүкіл депут атынан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты. 

Мәжіліс депутаты Жаңатастағы өртке байланысты депутаттық сауал жолдады  Фото: azattyq-ruhy.kz

Мәжіліс өкілі Фахриддин Қаратаев Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалын өткен бір аптада 3 бірдей өрттен қаза болған марқұмдардың туған-туысқандарына көңіл айтудан бастады, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Депутат соңғы кезде тұрғын үйлерде өрттің жиілегенін еске салып, былтыр күзде ғана қайта құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің "тиімсіз" жұмысын сынға алды. 

"19 ақпанда Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы пәтерлердің бірінде балалар үлкендердің қарауынсыз қалу салдарынан өрт шыққан. Пәтерде бес бірдей кәмелетке толмаған бала көміртегі газынан тұншығып қаза тапты. Сонымен қоса, 18 ақпан күні Қызылорда облысында тура осындай жағдай болып, өрт салдарынан 5 бала  зардап шегіп, 6 айлық бала көз жұмды. 21 ақпанда Петропавл қаласында болған өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жатқызылды. Өткен жылдың қыркүйегінде тиісті өкілеттіктермен және кадрлармен қамтамасыз етілген Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Алайда оның атқарған жұмыстары әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді. 2020 жылдың 9 айында елімізде 9 мыңнан астам өрт болды. 228 адам қаза тапты, жарақат алғандар – 217 адам. 

Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымына дайындық  жұмыстары жүріп жатқаны туралы мәлімдеді. Олардың мәліметтері бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген. Алайда орын алып отырған қайғылы оқиғалар істеліп жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті.

Сізден ТЖМ мен өңірлердің әкімдіктерімен көпқабатты тұрғын үйлерге, әсіресе времянкалар мен саяжайларға, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыстар жүргізуді, Жаңатас, Қызылорада және Петрапавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап, бұл туралы БАҚ-қа ақпарат беруді ұсынамыз", – деді Фахриддин Қаратаев.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу