Медициналық қызметтер тарификаторына дәлелді медицинаға жатпайтын әдістер қалай енгізілген?

734

МӘМС бойынша медициналық қызметтер тарификаторына дәлелді медицинаға жатпайтын әдістер қалай енгізілген? Журналист сұрағына "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

Медициналық қызметтер тарификаторына дәлелді медицинаға жатпайтын әдістер қалай енгізілген?

МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер тарификаторына моксотерапия, су-джок терапия, металлотерапия, Фолля әдісі енгізілген. Бұл аталғандар дәлелді медицинаға жатпайды.

"Дәл осы қызметтер бойынша біз талдау жұмыстарын жүргіздік. Жоғарыда көрсетілген медициналық қызметтер бойынша С. Қайырбекова атындағы  Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығына медициналық қызметтердің негізділігі тұрғысынан хат жолдадық. Сонымен қатар бұйрықты өзгерту және бұл қызметтерді алып тастау үшін  Денсаулық сақтау министрлігіне хат жібердік. Тиісті комиссияның аталған қызметтердің дәлелді базасы және негізділігіне байланысты шешімінен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен бұл қызметтер тарификатордан алынып тасталады", - деді Қор өкілі.

Ілияс Мұхамеджан тарификаторға енгізілген медициналық қызметтердің барлық түрі міндетті түрде дәлелді базаның болуы жөнінде комиссиялардың тексерісінен өтетіндігін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен анықтағанымызда, тарификаторды қалыптастыру және бекіту уәкілетті органның, яғни Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіретіні айтылды. Қор өз кезегінде деректер базасын талдау және кейін тарификатордан шығару үшін ұсыныстар берді, делінген ведомство жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу