Медициналық қызметтің сапасы қашан жақсарады?

502

Елдегі медпункті жоқ 200-ден астам елдімекеннің 14-і Түркістан облысында.

Медициналық қызметтің сапасы қашан жақсарады?

Ондағы жұрт басы ауыра қалса аяғын қоса ауыртып орталыққа сабылады. Болмаса, өз бетінше емделеді. Мемлекет мәселені шешу үшін жыл сайын миллиардтаған теңгенің көлемін көбейтіп триллионға жеткізді. Бірақ мәселе шешілер емес.

Медициналық көмектің қол жетімсіздігін тартып отырған ауылдың бірі Түркістан облысына қарасты Төңкеріс ауылы. Мұндағы аядай бір бөлмеге жайғасқан медициналық пунктте екі қызметкер ғана жұмыс істейді. Бірі медбике, екіншісі еден жуушы. Мұндағы медициналық қызмет науқастың салмағы мен қан қысымын өлшеуден ары аспайды. Сондықтан жұрт ауыра қалса орталыққа сабылады.

Медициналық көмектің ауылы алыс болғасын мұндағы жұрт көбіне өз беттерінше емделеді. Мәселен аталған ауыл тұрғыны Қынашкүл Дәуренбекова қан қысымының жоғары болуына байланысты дәрігерлердің есебінде тұрады. Кейде дерті жан алқымнан алғанда алдымен өзі алысады.

Облыстағы осы салаға жауаптылар өңірдегі мендпункті жоқ ауылдардың мәселесі алдағы 1-2 жылда шешілгенімен саладағы түйіткіл түбегейлі шешілмейді деп отыр. Өйткені, өңірде 150-ден астам ескірген медициналық нысан бар.

"154 медициналық нысан жаңартуды жалпы ол жерде жоқ емес жаңартуды талап ететін нысандар бар. Келесі жылы 24 жылы сол 49 нысанның құрылысы жүзеге асады. Сонымен қатар жоғары да айтып өтілген 14 нысанымыз бар", - дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев.

Медициналық қолжетімсіздік тек Түркістан облысы ғана емес тұтас елге тән. Оны жою үшін әуелі осы салаға бөлінетін қаржыға ашықтық қажет дейді мамандар. Өйткені, қазір елімізде тек осы салаға бір жылда 2 трлн теңгедей бағытталғанымен жағдай жақсармай тұр.

"2018 -2019 жылдары денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 1 трлн теңге еді. бүкіл денсаулық сақтау саласына қазір 2,5 трлн теңге. ал. ол қаржы қайда жұмсалып жатыр? оның есебі бар ма? оған жауап алатын қазір мүмкіндік жоқ. оған ешкім жауап беомейді", - дейді халықаралық ІТ кеңесші Олжас Әбішев.

Мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра алмай жатқанда елде түрлі аурулардың саны мен осы салаға қатысты арыз-шағым өсіп барады. Мәселен, өткен жылы Қостанайда нәресте өлімі жиілесе осы жылы Атырау облысында арыз шағым көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу