MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы "Бәйтерек Девелопмент" АҚ-дан алған қарызы аясында 5 млрд теңгені мерзімінен бұрын өтегенін хабарлайды. Қалған 10 млрд теңгені жақын айларда өтемек.
Еске сала кетейік, MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының құрылысы үшін 15 млрд теңге сомасындағы қаражат пайыздық мөлшерлемесі жылына 18,5%-бен "Бәйтерек Девелопмент" АҚ-дан 15 жылдық мерзімге алынған болатын, ол, өз кезегінде, бұл қаражатты Қазақстан даму банкі арқылы БЖЗҚ-дан тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу