Мектеп бухгалтерлері миллиондарды қалай жымқырған?

662

2020 жылдан бері білім беру саласында 143 адам сотталды

Мектеп бухгалтерлері миллиондарды қалай жымқырған?

Олардың бәрі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Бір қызығы, мұндай қылмысқа лауазымды шенеуніктер емес, аудандық бөлім басшылары мен қызметкерлері, тіпті мектептегі есепшілер барған. Бұған қалай тоқтау қоямыз?

Соңғы 3 жылда білім саласындағы жемқорлық салдарынан мемлекетке 11 млрд шығын келген. Оның жартысына жуығы қазынаға қайтқанымен, 6 млрд теңгесі құмға сіңген судай жоғалды. Мысалы, бір ғана Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4 млрд теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Қылмысқа бөлім басшысы мен 2 бухгалтердің, 3 мектеп есепшісінің қатысы бар. Қоғам белсендісі Дидар Смағұлов, бұған ашықтық қағидасының сақталмауы себеп,- дейді. Өйткені, мектептің қаржылық операцияларын ешкім бақылап отырған жоқ.

"Мысалы Ақтөбе облысында есепші болды. Ол 2018 жылы өзіне 30 000 тг жібере салған. Ешкім оны анықтаған жоқ. Өйткені төлемдер өте көп, мыңдаған төлемдер оны бақылауға мүмкіндік жоқ. Сосын ол 200 000 тг жіберді. 500 000 тг жіберді, миллион тг жіберді күнде күнде осындай суммаларды өзінің картасына жіберген. Ең үлкен сумма бір күнде жіберген 13 млн тг. Жай ғана өзінің карточкасына жіберет ақша түседі болды. Осы 5 жылдың ішінде ол 400 млн тг жіберген", - дейді "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы

Келесі мәселе - бюджетті жоспарлау процесінің толық цифрланбауы. Яғни, қолмен толтырылатын таблицаға кез-келген адам жасырын өзгеріс енгізіп, бұрмаланған мәліметтер арқылы қажетті сомадан артық ақшаға тапсырыс береді. Ал бұл ақшаны сыбайластар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдардың немесе бір қызметкердың шотына бірнеше рет аудару арқылы жымқырған. 

"Мемлекеттік органдардың арасындағы, яғни білім басқармасы, қазынашылық, содан кейін банк, содан кейін НОБД деген база бар министрество просвещенияда. Сол базалардың өзара интеграциясының болмауының салдарынан біздің мектептің бухгалтерлері, білім саласының жауапты қызметкерлері осы олқылықтарды пайдаланып, осындай сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған", - дейді ҚР СЖҚІҚА Превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Байділдин.

Мұндай қылмыстық схемалар ел бойынша тіркеліп жатыр. Ал ең ірі қаржы жымқырған өңірлерге Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстары жатады,- дейді Антикор. Біз Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдап, жемқорлықты тыю бойынша қандай шаралар қабылдап жатқанын сұраған едік. Бірнеше рет хабарлассақ та баспасөз қызметінен мардымды жауап ала алмадық.

Бұған бюджет жоспарлаудағы ескі сүрлеу де себеп,- дейді мамандар. Яғни, тапсырыс берерде шығындар толық талданып, тексерістен өтпейді. Осылайша, бірнеше жыл бойы жоғарыға бір-бірінен аумайтын таблицалар жіберіліп жүр.

"Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бар. Әр әкімдікте отырған жаңағы. Сол жылдан-жылға бір екзелді ішіндегі сандарын өзгертіп соны айналдыра береді. Оның ішінде керек емес, он жыл бұрын керек болған сатып алулар бар.  Мүмкін ол жаққа спорт емес, басқа түрі керек боп жатқан шығар кішкене. Немесе басқа бір саланың мамандарына кластер бойынша керек шығар. Оның бәрі есептелмейді", - дейді сарапшы Айбар Олжай  .

Яғни, саланы цифрландырмай жемқорлық тыйылмайды. Осы бағытта Антикор бірне ұсыныс енгізген. Оның ішінде күмәнді операциялардың мониторингін жасайтын арнайы жүйе құру, жауапты аударымдарды директор биометрикалық идентификациядан өткен соң барып жасау сияқты шаралар бар. Бұл бірінші басшының тікелей жауапкершілігін арттырып, бюджет қаржысын ұрлауды тыяды,- дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу