Мемлекет басшысы 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Патшалығында болады

1113

Мемлекет басшысы 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Патшалығында болады

Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Патшалығында болады. Сапар аясында Патшалықтың мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Патшасы Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу