5 өңірде шығын кірістен жоғары

939

2021 жылғы екінші тоқсанда орта есеппен бір үйдің ақшалай табысы 703,7 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

5 өңірде шығын кірістен жоғары

Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 4,5%-ға, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артық.

Отбасылардың шығысы бір тоқсанда 4,9%-ға, және бір жылда 19,5%-ға немесе 676,6 мың теңгеге дейін өскен. 

Биыл екінші тоқсанда шығынның отбасылық табысына қатынасы – 96,1%, бұл бірінші тоқсанға (95,8%) және 2020 жылғы екінші тоқсанға (91,4%) қарағанда жоғары.

2021 жылғы екінші тоқсанда шаңырақтардың табысы Шымкентте 566,6 мың теңге, Маңғыстау облысында 979,4 мың теңге болды.

Табысы ең жоғары үздік 3 өңірге Нұр-Сұлтан қаласы (891,3 мың теңге) және Қарағанды облысы (835 мың теңге), ал кірісі ең төмен өңірлерге Жамбыл (598,9 мың теңге) және Алматы (604,4 мың теңге) облыстары енді. 

Биыл екінші тоқсанда жанұялардың ең жоғары шығыны Алматыда (818,9 мың теңге) тіркелді. Сондай-ақ тізімде Қызылорда (795 мың теңге) және Қарағанды (778,5 мың теңге) облыстары да бар.

Ал ең аз шығын – Шымкент (508,3 мың теңге), Қостанай (528,2 мың теңге) және Батыс Қазақстан (580,1 мың теңге) облыстарында. 

2021 жылғы екінші тоқсанда 17 өңірдің бесеуінде үйге жұмсалатын шығын орта есеппен кірістен асып түсті: ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында (9,3%), кейін Алматы (9,1% ), Павлодар (7,3%), Түркістан (4,5%) және Солтүстік Қазақстан (0,7% - ға) облыстары тұр.

Үйлердегі барлық табыстың 70% еңбек қызметінен түскен кіріс болып саналады: 492,8 мың теңге, бір жылдағы өсім – 23,1%. Табыстың басым бөлігі жалдамалы жұмыстан түскен.

Отбасылық табыстың төрттен бір бөлігі әлеуметтік трансферттер үлесінде: 182,4 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға аз. Оның ішінде 150,2 мың теңге зейнетақы. Материалдық көмекке және өзге де кіріс 15,9 мың және 12,6 мың теңге аралығында. 

Үйлердің ақшалай шығынының 92,7% тұтыну шығынан тұрады: 627,3 мың теңге, бір жылдағы өсім – 19,5%. Тұтыну шығынының жартысынан астамы азық-түлік тауарларына тиесілі: 361,6 мың теңге, бір жылда плюс 13,2%.

Кейін тізімде азық-түлік емес тауарлар (154,7 мың теңге, бір жылда өсім – 25%) және ақылы қызметтер (110,9 мың теңге, өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 36,2% артық) сынды шығындар тұр.

Кредит пен қарызды өтеуге 35 мың теңге жұмсалған, бір жылдағы өсім – 15,4%. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу