Қазақстан президенті телеарна өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде "ЭКСПО-2017" көрмесінің маңыздылығын айтып өтті. Таза энергетика, "жасыл экономика" және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналады.
Сұхбат "National Geographic" телеарнасының "Мегақұрылыс: Астана. Болашақтың қаласы" деректі фильмін түсіруге дайындық жұмысы аясында өткізілді.