Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды

393

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік платформаларда тегін негізде субсидия беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.  

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы қабылданған сәттен бастап МҚІА мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг және талдау жұмыстарын іске асыруда.

  • Оның аясында Агенттікпен сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған бюрократиядан арылту бойынша 554 кейстер әзірленді.
  • Аталған 554 кейстің 105-і мемлекеттік аппараттың барлық қызметіне, 449-ы білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, сыртқы саясат және т.б. түрлі салалық салаларға қатысты екендігі айтылды.
  • Спикер атап өткендей, азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде бюрократия көріністеріне тап болу фактілері әлі де орын алуда.

Осылайша, 2023 жылы Агенттікпен 910 өтінішті қарау нәтижелері бойынша 350-ден астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 80,4 %-ға артық болып отыр.

Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қалпына келтірілген құқықтарының ең көп бөлігі жер қатынастары, сәулет, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ меншік құқығы салаларына тиесілі.

Атап айтқанда, кәсіпкерлерге 1,1 млрд теңге субсидия қайтарылды, 100-ден астам қызмет алушының мемлекеттік актілерін ауыстыруға бюджет қаражаты бөлінді, 60-тан астам азаматқа ілеспе жер телімдері берілді және т.б.

Спикердің айтуынша, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған цифрлық шешімдер сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы негізгі аспектілердің бірі болып табылады.

Ол жүйелі талдау барысында электронды үкімет порталында жоқ болған 40-тан астам мемлекеттік қызмет анықталғанын айтты. МҚІА шараларының нәтижесінде 14 қызметтің функционалдығы қалпына келтірілді және олар іске қосылғаннан бері халыққа 200 мыңға жуық қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша мониторингтің нәтижесімен бюрократия белгілері бар 200-ден астам заңды тұлға анықталды, атап айтқанда, олардың көпшілігі қызметінің өзектілігін жоғалтқан, бизнеске бәсекелестік тудырады, сондай-ақ артық кадрлар саны мен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың функцияларын қайталайды және т.б.

Бұл ретте, Агенттікпен мемлекет қатысатын ұйымдарды тарату, қайта ұйымдастыру немесе бәсекелес ортаға ауыстыру мәселелері бойынша аудит және талдау жүргізу ұсынылды.

Сонымен бірге, 2023 жылы МҚІА ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің қызметіне талдауды аяқтады. Осылайша, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар салаларындағы талдау нәтижелері бойынша 300-ге жуық функцияны оңтайландыруға, түрлі деңгейдегі 100-ге жуық комиссияларды қысқартуға, орталық аппараттың функцияларын өңірлік функцияларға беруге бағытталған 128 ұсыныс әзірленді.

Ауыл тұрғындарының сұранысын уақтылы қанағаттандыру мақсатында жыл сайынғы орман кесу көлемін бекіту жөніндегі комитеттің қызметін өңірлік мемлекеттік орман иеленушілер деңгейіне беру ұсынылды.

МҚІА төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтің айтуынша, бүгінде Агенттікпен мониторингтің келесі цикліне дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ ағымдағы жылы көлік, өнеркәсіп және құрылыс салаларында бюрократиядан арылту бойынша талдау жұмыстарын іске асыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу