Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбеде офтальмологиялық орталық салынып жатыр

1072

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбеде офтальмологиялық орталық салынып жатыр

Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік медицина саласының дамуына серпін берді. Биыл 3 ірі жоба іске асырылады. Құны шамамен 3 млрд теңге болатын офтальмологиялық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылдың қараша айында пайдалануға берілетін медициналық кешен күніне 500 адамды қабылдауға қауқарлы, де хабарлайды 24 Хабар.

 Орталық Америка, Германия мен Жапониядан шығарылған заманауи құралдармен жабдықталады. Мұнда 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Екінші жоба – стоматологиялық емхана. Бұл нысан да келесі жылы халықтың игілігіне беріледі. Сондай-ақ түрік компаниясы да жедел жәрдем бекетінің құрылысын бастады. Қазірдің өзінде 16 көлікті жеткізіп қойған. Алдағы жылдары өңірде мемлекеттік-жекеменшік негізде 18 жоба жүзеге асуы тиіс. Оның ішінде туберкулезге қарсы диспансер, перинатальды орталық пен қан орталығының құрылысы бар.

"Түрік елдеріне жедел жәрдем бекетін сенімгерлік басқаруға беріп, олар бізге халықаралық стандарттарға сай жедел жәрдем бекетін салып жатыр. Бұл да біздің Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласындағы жедел жәрдем жұмысын одан ары дамытуға өзінің мүмкіндігін береді деген сенімдеміз. Біздің мамандар шетелге барып оқуға, шетелдік мамандар бізге келуге толық мүмкіндік бар, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу