Мереке күндері қосымша 80 жолаушылар вагоны бөлінеді

1125

Мереке күндері қосымша 80 жолаушылар вагоны бөлінеді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мереке күндеріне қосымша вагондар бөліп отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қоғам Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі кезінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар пойыздарына 80 вагон қосуды көздеп отыр", – делінген  агенттіктің сауалына жолданған жауапта.

Баспасөз қызметі болса, қазіргі таңда  сұраныс жоғары бағдарларға талдау жасалып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар  қосымша жолаушылар пойызын шығару жайы да қарастырылуда. Ол туралы бұқара қосымша құлақтандырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу