Министрлікте МӘМС дайындық жұмыстары талқыланды

971

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС  толық іске қосылады.  

Министрлікте МӘМС дайындық жұмыстары талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Медициналық сақтандыру Қоры Басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артқанын айтты. Мәселен, 2020 жылы амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыру 78%-ға өседі, яғни 740,9 млрд. теңгеге бөлінеді, консультациялық-диагностикалық қызметтерге – 169 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 18 млрд. теңге мектеп медицинасына бағытталады, емхана деңгейінде медициналық оңалтуға – 16,6 млрд. теңге бөлінеді, ТМККК шеңберінде және МӘМС  жүйесі бойынша  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2 есе артады да, жалпы шығын  197 млрд. теңге жетеді.

Жалпы, 2019 жылы халыққа медициналық көмек көрсету бюджеті МӘМС есебінен 51% артты  немесе 580 млрд.теңгеге өсті.

Сондай-ақ, ол медициналық ұйымдарды техникамен жабдықтау, инфрақұрылым және кадрмен  қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Алқа жиынында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға және медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялауға ерекше назар аударылды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен және интернетпен 100% аудандық деңгейде қамтамасыз етілгенін айтты.

Бүгінде электрондық денсаулық паспорты, амбулаторлық карталар, диспансерлік есепке алу  толық цифрландырылған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Қарағанды облысындағы пилоттық жобаның нәтижесін  қорытындылай келе, өңірде барлық медициналық ұйым бірыңғай медициналық ақпарат жүйеге көшкенін жеткізді. Сонымен қатар, ауылдардағы  85 медициналық  пункт спутниктік байланыс арқылы интернетке қосылған.

Ол өткен 3 айда халықты сәйкестендіру, ақпараттық жүйелер арқылы ТМККК және МӘМС пакеттерін бөлек есепке алу және медициналық қызметтерді жеткізуші медициналық мекемелерді  ынталандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Ержан Нұрлыбаев пилот кезеңінде оңалту қызметтері 1,5 есеге, күндізгі стационарда медициналық көмек 1,2 есеге, консультациялық -диагностикалық қызметтердің көлемі 2 есеге артып, қымбат диагностика(КТ және МРТ)саны тамыз айында 1265-тен қараша айында 3885-ге дейін өскенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу