Мобильді қосымша арқылы қандай банкке ақша аудару тиімді?

1546

Қазіргі таңда әрбір еңбекке қабілетті қазақстандықта 5 банк картасы бар. Оның 3-ін ол белсенді пайдаланады. 

Мобильді қосымша арқылы қандай банкке ақша аудару тиімді?

2021 жылдың қаңтарында елімізде 49,3 миллион төлем картасы қолданыста болған. Олардың 26,5 миллионы жиі пайдаланылған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде банк карталары қазақстандықтар белсенді пайдаланатын күнделікті құралға айналды. Олар әмиянның орнын алмастырып отыр.

Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 49,3 миллион төлем картасы айналымда болған. Олардың 26,5 миллионы жиі пайдаланылған. Жиі пайдаланылатын карталар саны бір жылда 44,1%-ға, 5 жылда – 3,6 есе, 10 жылда – шамамен 7 есе өскен.

Бүгінде әрбір еңбекке қабілетті қазақстандықта 5 банк картасы бар. Оның 3-ін ол жиі пайдаланады. Мұндай жағдайда картадан картаға ақша аудару күнделікті қажеттілікке айналады. 

Еліміздегі 24 банктің 18-інде банк картасы, ал ауқымды қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар (картадан картаға, өз шоттарының арасында, басқа банктің шоттарына және тағы басқа аударымдар) 15 банкте бар.

Мобильді қосымша арқылы картадан басқа картаға ақша аудару екінші деңгейлі банктің өзі шығарған карталары арасында ғана тегін. Алайда басқа банктің картасына ақша аудару қажет болса, шарттар өзгереді. Қазақстанда басқа банктің картасына өзінің мобильді қосымшасы арқылы тегін ақша аударуға тек бір қаржы институты мүмкіндік береді. Ол – Банк Хоум Кредит.

Еуразиялық Банк пен Центр Кредит Банкі мобильді қосымшаны пайдалана отырып, өз картасынан басқа банктің картасына айына 50 мың және 200 мың теңгеге дейін тегін аударуға мүмкіндік береді. Кейін бұл қызметі үшін 0,9%-1% көлемінде комиссия алады. Halyk Bank және Jýsan Bank-те аударылған ақша үшін фиксациялық комиссия белгіленген (150 және 200 теңге). Қалған екінші деңгейлі банктер басқа банктің картасына ақша аудару қызметі үшін 0,2% - 1,5% көлемінде комиссия алады. 

Сондай-ақ банктер аударым үшін комиссияның ең төменгі сомасын қосымша белгілейді. Ол сома банкке байланысты: 100-500 теңге аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу