Монополияға қарсы агенттік: Экономикадағы мемлекеттің үлесі қайтадан артып барады

616

Бүгінде жанар-жағармай көтерме нарығының 80 пайыз мемлекет меншігіндегі компания бақылайды, темір жол тасымалы саласының 60-тан 100 пайызына дейін үкіметтің иелігінде.

Монополияға қарсы агенттік: Экономикадағы мемлекеттің үлесі қайтадан артып барады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі экономикадағы мемлекеттік үлестің өсіп бара жатқанына алаңдаулы. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет үлесінің артуы бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіреді және бағаға әсер етеді. Сонымен, үкіметке тиесілі активтерді қалай нарыққа шығару керек? Бұл тауар мен қызмет құнына қалай әсер етуі мүмкін? 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, мемлекеттің үлесі экономикадағы барлық салаларында арта бастады. Мысалы, бүгінде жанар-жағармай көтерме нарығының 80 пайыз мемлекет меншігіндегі компания бақылайды, темір жол тасымалы саласының 60-тан 100 пайызына дейін үкіметтің иелігінде. Одан бөлек, әуе тасымалы, телекоммуникация, дәрі-дәрмек нарығы туралы да айтуға болады. Сонымен қатар, Үкіметтің бизнеске және бұған дейін мүлде қатыспаған салаларда араласуы көбейіп кеткен. Бұл ретте, ведомство мемлекеттік органдар активтерін бәсекелестік ортаға бергісі келмейтінін атап өтті. 

"Бүгінгі біздің жеткізгіміз келетін месседж - біз Үкіметке жекешелендірудің және активтерді берудің неғұрлым ыңғайлы жолын ұсынғымыз келеді. Біз экономикамыздағы Мемлекет меншігін азайту жөніндегі жоспарды талқылап, активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жоспарды кезең-кезеңмен орындауымыз керек. Онсыз жеке кәсіпкерлік дамымайды", - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы дейді Марат Омаров.

Ведомство мемлекеттік маңызды салалардан активтерді шығаруға бірнеше рет әрекет жасаған. Мысалы, әуе компаниялардың активтерін мемлекет қатысуымен бөлу мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ. Бұл проблема жайлы былтырдан айтылып келеді. Салдарынан, нарық құрылымы бағамен бәсекелесуге және шығындарды қысқартуға мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде рейстердің жиі кешігуіне және бағаның өсуіне әкеп соғуда. Ал оның зардабын тұтынушылар тартып отыр. 

"Әрине, біз мемлекеттің қатысуын азайту туралы шешімдер қабылданып жатқан сияқты. Алайда іс жүзінде ол тағы да күрт өсіп жатыр. Басқа жаңа формаларда қайтадан арта бастайды. Сондықтан,  шешім сол бұл бәсекелестікті дамытудың белсенді саясатын жүргізу", - дейді БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының директоры Алексей Иванов.

Осы  ретте, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі активтерді бәсекелестік ортаға шығару бағаны өсірмейді деген уәде беруде. Мысалы, қазір дәрі-дәрмектер құнын кезең-кезеңімен реттеу жүргізілуде. Одан бағалар өспейді, керісінше, кейбір позициялар бойынша төмендейді. Айта кетейік, биыл үш өндіруші шығаратын рецептсіз сатылатын 376 препаратқа реттеу алынып тасталды. Дәрі дәрмек саласын антимонополиялық реттеу жұмыстары алдағы екі жылда да жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу