Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі ТҚЖБ-ның ұзақмерзімді депозиттік рейтингі бойынша болжамды қайта қарастырып, оны "тұрақты" рейтингтен "жағымды" рейтингке өзгертті.
"Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1,4 млн депозит бар. Жинақтардың жалпы сомасы 705 млрд теңгені құрайды. Осы жылдың 8 айы ішінде 244 мың қазақстандық азамат тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің жаңа қатысушылары атанды",– деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
2019 жылдың 1 тамызындағы мәліметтер бойынша, ТҚЖБ активтер көлемі жағынан 7-орында, ал елдегі екінші деңгейлі банктері арасында жеке капиталының көлемі бойынша 3-орында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу