"Мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту бағытында арнайы заң қабылданды, тиісті нормативтік құжаттар бекітілді, жұмыс істеудің нақты тетігі айқындалды. Біз мұғалімдер толтыруға тиіс құжаттың тізбесін бекітіп, артық есеп берудің бәрін алып тастадық. Бұл педагогтардың ешқайда алаңдамай, тек сабағына дайындалып, кәсіби дамуына көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді", – деді министр.
Оның айтуынша, енді мұғалімдер күніне бар болғаны екі-ақ құжат толтырады. Оның біреуі – сабақ жоспары болса, екіншісі – сынып журналы. Бұдан басқа ешқандай құжат толтыруға тиіс емес. Ал егер білім ұйымдарының басшылары мұғалімнен басы артық құжат талап етсе, ол лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
"Тек биылдың өзінде қарамағындағы мұғалімнен басы артық құжат толтыруды талап еткен 50-ден астам басшы жауапкершілікке тартылды", – деді министр.
Қымбат Нұрғали