Мұнай 1,5%-ға арзандады

647

 Егер билікке Байден келсе, ол экономиканы ынталандыруға арналған шығындарды қысқартады. Бұл – мұнай компаниялары үкімет тарапынан берілетін көмектен қағылады деген сөз.

Мұнай 1,5%-ға арзандады

Азияның тауар биржасында мұнай арзандап кетті. Оған Байденнің барынша көп дауыс жинауы әсер етті. Салдарынан кеше 4 пайызға дейін өсім көрсеткен WTI фьючерсі 1,8 пайызға түсіп кетті. Толығырақ "Блумберг" сараптамасында:

Америкалық өнімнің осынша арзандауына қордағы шикізаттың көбеюі де әсер етті. Шектеулер күшейгендіктен жанар-жағармайға деген сұраныс жоқ. Дәл қазір нарықта тұрақтылықтың болмайтыны түсінікті. Азия-Тынық Мұхиты елдері нарығына жауапты сарапшылар бағаның тұрақсыз болуына АҚШ саясатындағы өзгеріс тікелей әсер еткенін айтады.

Америкадағы жағдай реттелмейінше, сұранысқа қатысты жоспарды нақтылау мүмкін емес. Егер билікке Байден келсе, ол экономиканы ынталандыруға арналған шығындарды қысқартады. Бұл - мұнай компаниялары үкімет тарапынан берілетін көмектен қағылады деген сөз. Субсидия деген болмайды. Иранмен ымыраға келсе, келесі жылы нарықта шикізат аста-төк болатыны анық. Тегерандағы билік күніне 1 млн баррель өнім шығаруды көздейді. Венесуэла да Ақ үймен байланысын жақсартса, қара алтынның құнсыздана түсері анық. Оның үстіне індет өршіп барады. Еуропа санитарлық шектеуді күшейтті. ОПЕК кезекті басқосуын айдың соңында өткізеді. Ұйымның өндіріс көлемін азайтуға қатысты қандай шешім қабылдайтыны 1 желтоқсанда белгілі болады.

Бүгін WTI келесі айдағы фьючерсі 1,8 пайызға түсіп, баррелі 38 доллар 74 цент болды. Brent-тің қаңтар айындағы фьючерсі де 1,7 пайызға арзандады. Қазір көрсеткіш – 40 доллар 76 цент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу