Мұнай нарығындағы өзгерістер Еуроодаққа кері әсер етуде

1015

Мұнай нарығындағы өзгерістер Еуроодаққа кері әсер етуде

Еуропа Орталық банкі қызметкері Ардо Ханссонның мәліметінше, мұнайдың қымбаттауы еуроаймақтағы инфляцияны көбейтіп жіберуі мүмкін, деп хабарлайды investing басылымына сілтеме жасаған egemen.kz.

"Инфляция жыл басындағы болжамнан асып түсуі мүмкін. Мұнай нарығы Еуроодаққа кері әсерін беруде", — дейді Ханссон.

Өткен аптада Еуропа Орталық банкі инфляция деңгейін 2017 жылы 1,3 пайыз болады деп есептеген. Ал 2018-2019 жылдары 1,7 пайыз шамасында болжанған. Бірақ соңғы жаңалықтардан кейін бұл көрсеткіш 2 пайызға жетуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу