Мысырда қаза тапқан отандасымыздың жақындарына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

468

Марқұмның денесі бүгін, 21 мамырда, елге жеткізіледі. 

Мысырда қаза тапқан отандасымыздың жақындарына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды Фото: instagram.com/anvar_shalekenov

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында Мысырда қаза тапқан қазақстандық әйелдің туған-туыстарына өтемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Әлібек Қуантыровтан "Мысырда қайтыс болған қазақстандық әйелдің туыстарына өтемақы төлене ме?" деп сұрады.

"Моральдық өтемақы мәселесі шешілді. Бізде сақтандыру компаниясы бар, ол да мәселені шешіп жатыр. Біздің ақпаратымыз бойынша Египет тарапы бүгін марқұмның денесін жеткізу бойынша шығындарды өз мойнына алады", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Журналистер өтемақы Мысыр тарапынан төлене ме деп нақтылады.

"Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Әлібек Қуантыров.

Оның сөзінше, Мысырдың азаматтық авиация министрлігі бұл мәселені бақылауға алған.

Айта кету керек, осыған дейін Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілетінін жазған болатынбыз. Оның құрбысы Президенттен көмек сұрады. Марқұм әйелдің ішкі істер органдарының ардагері екені белгілі болды. Ол Шарм-эш-Шейх әуежайында болған оқыс оқиғадан қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу