Нан бағасы бір жылда 10,5%-ға өсті

661

Биыл өндіріс көлемі азайған. 

Нан бағасы бір жылда 10,5%-ға өсті

Елімізде нан құны орташа есеппен алғанда бір жылда 10,5%-ға қымбаттады. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады. Бірінші сұрыпты ұн бағасы 9,2%-ға, жоғары сұрыпты ұндыкі 13,5%-ға, қарабидай-бидай ұны 12,6%-ға көтерілген. 

Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 2020 жылдың маусымында орташа есеппен алғанда бір килограмы 151 теңгеге, жоғары сұрыпты ұндыкі 289 теңгеге, қарабидай-бидай ұнының өнімі 249 теңгеге сатылған. 

Бірінші сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны ең қымбат қалалар: Атырау (бір килограмы 178 тг) мен Ақтай қалалары (бір килограмы 173 тг). Ал ең арзаны Алматы (бір килограмы 132 тг)  мен Таразда (бір килограмы 138 тг).

Қарабидай-бидай нанының бағасы ең жоғары қалалардың қатарында Нұр-Сұлтан (бір килограмы 315 тг)  , Өскемен (бір килограмы 314 тг) және Семей (бір килограмы 313 тг) қалалары бар. Ақтөбе (бір килограмы 187 тг)  мен Талдықорғанда (бір килограмы 187 тг)  мұндай нанның бағасы ең төмен саналады. 

Тағы бір жайт, еліміздегі нан өндірісінің көлемі 2020 жылдың қаңтар және мамыр айларында 292,8 мың тоннаға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ға аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу