Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті азаймай тұр – finprom.kz

538

Елімізде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 сәбиге шаққанда 7,8-ден 8,3 жағдайға дейін өсті.  

Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті азаймай тұр – finprom.kz  Фото: pixabay.com

Қазақстандағы нәресте өлімінің саны азайғанымен, нәресте өлімінің коэффициенті өскен. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны 1,6 мың құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,3%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz  сайтына сілтеме жасап.

Өлім-жітім Алматы облысында көп тіркелген (210 жағдай). Бұл өткен жылға қарағанда 20,7%-ға көп. Антилидерлер үштігінде Шымкент қаласы (209 жағдай, +2,5%) және Түркістан облысы (172 жағдай, +33,3%) бар.

Бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар санының жылдық өсімі Түркістан облысында байқалды. Ал жылдық көрсеткіштің азаюы Ақтөбе облысында тіркелді.

Өлім-жітімнің басым бөлігі перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайларға байланысты болған. Оның салдарынан жыл басынан бері 866 сәби қайтыс болған. Сепсистен 78 сәби көз жұмды.

Қайғылы жағдайлардың басты себептері: туа біткен ауытқулар (297 бала), жұқпалы және паразиттік аурулардан (84 нәресте, оның ішінде 3 нәресте ішек инфекциясынан қайтыс болды). Бұдан бөлек тыныс алу органдарының аурулары, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттарды да жатқызуға болады.

Сәбилердің шетінеуі азайғанымен, елімізде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 сәбиге шаққанда 7,8-ден 8,3 жағдайға дейін өсті. 2022 жылғы қаңтар-маусымда өңірлік бөліністе нәресте өлімі коэффициентінің ең көп саны – Шымкент қаласында (1000 сәбиге шаққанда 13,6 жағдай), Қостанай (1000 сәбиге шаққанда 12,6 жағдай) және Батыс Қазақстан (1000 сәбиге шаққанда 11,4 жағдай) облыстарында байқалды.

Ал ең төменгі көрсеткіштер Ақмола (1000 сәбиге шаққанда 4,9 жағдай), Түркістан (1000 сәбиге шаққанда 6,1 жағдай) және Павлодар (1000 сәбиге шаққанда 6,7 жағдай) облыстарында тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу