Әлеуметтік нан бағасы бөлкесіне 95 теңге болуы тиіс, деп хабарлайды Atameken Business.
Елордалық наубайшылар осылай деп мелімдеуде. Айтуларынша, олар бір бөлке нанды 75 теңгеге сатып, қып-қызыл шығынға батып отыр. Біздің арнаға телефон арқылы сұхбат берген кәсіпкерлер өзара бірігіп, өнімнің құнын көтеруге қатысты шаһар басшысы Алтай Көлгіновке өтініш жасаған. Әзірге қала әкімі мәселені жауапсыз қалдырып отыр. Кәсіпкерлер мемлекеттен негізгі өнімнің бағасын шектемеуін және әлеуметтік әлсіз топтар үшін арнайы сауда орындарын ашып беруді ұсынуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу