Науқасқа жедел жәрдем қанша уақытта жетуі керек

199

2 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жедел жәрдем көліктерінің жұмысы туралы айтты. 

Науқасқа жедел жәрдем қанша уақытта жетуі керек Фото: atr.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем бригадалары 7 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өткен жылмен салыстырғанда шақырулар санының артқанына қарамастан, сәтті реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға өсіп, барлық жағдайлардың 51,7%-ын құрады", — деді министрлік.

Олар "103" нөміріне қоңырау түскен сәттен бастап науқасқа жеткенге дейінгі жедел жәрдем бригадасының келуінің орташа уақыты стандартқа сәйкес келетінін айтты: жеделдіктің 1-санаты үшін – 9 минут, 2-ші санаты үшін – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты үшін – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.

Ел бойынша Eжедел-жәрдем қызметі 20 тәуелсіз станциямен, 98 қалалық қосалқы станциямен және 232 аудандық филиалдармен ұсынылған.

"Республика бойынша облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 мобильді бригада, ал алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының жедел жәрдем бөлімшелерінде 446 жедел жәрдем бригадасы 4-санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсету үшін жұмыс істейді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста қоңырауларды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталу деңгейі 100% құрайды", — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем қызметінде 2355 бірлік жедел жәрдем көлігі болса, оның 1482 бірлігі қалада, 873 бірлігі ауылдық жерлерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу