Сонда Ұлыстың ұлы күні дәстүрлі наурыз көжесіз өте ме?- деген заңды сұрақ туындайды. Мейрамды тойлаудың мүлдем жаңа форматын жасағандар: ұлттық тағамға сүрленген ет қосқан дұрыс, бір көжеге бола мал союға тыйым салу керек депті. Жаңашылдыққа толы тұжырымдама біздің арнаның журналитерінің қолына тиді. Бастамада жүздеп киіз үй тіккенше, мыңдап ағаш отырғызған абзал делінген. Ал қыруар қаржы жұмсалатын концерттердің орнына сенбілік ұйымдастырған жөн екені айтылған. Сонымен қатар, Наурызыд street fest форматына, яғни көше фестивалі ретінде атап өту ұсынылған. Бұл шет елдерде бұрынына бар тәжірбие. Әрі ел бюджетіне де мұндай формат әлдеқайда арзан түседі делінген құжатта. Ал күні кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі де мерекенің жаңа тұжырымдамасы туралы айтқан болатын.