Армения премьер-министрі Никол Пашинян Маңғыстау облысындағы қайғылы жағдайға байланысты Қазақстанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жеделхат Армения премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Армения Республикасының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына қайғыра көңіл айтып, қолдауымды білдіремін. Осынау ауыр сәтте қайғыңызға ортақтасып, төзімділік пен күш-қуат тілеймін. Жарақат алған әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілеймін және хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің мүмкіндігінше тезірек аман-есен табылатынына үміт білдіремін", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Ресей президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтқанын жазғанбыз.
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға көңіл айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Қырғызстан президенті Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.