Нобель иегері Қазақстанда жасыл қала салуды ұсынды

1093

Нобель иегері Қазақстанда жасыл қала салуды ұсынды

Астанада өтіп жатқан инновациялық конгресте Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг Абу-Дабидің Масдар қаласына инвестиция құйып жатқанын айтып, сол үлгімен Қазақстанда жаңа эко-қала салуды ұсынды, деп жазады egemen.kz.

"Сіздерге Масдар қаласының үлгісін ұсынамын. Сол секілді Орталық Азияда жаңа қаланың жобасын жасап, соны салуға болады", деді шетелдік қонақ.

Сонымен қатар ол Қазақстан өзінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жаңа шешімдер таба алатынына сенімділігін жеткізді. Электр автобустарын, күн панельдерін экспортқа шығаратын Қытайды мысалға келтіре отырып Рае Квон Чунг Монреалдың жолын нұсқады:

"Монреалда қыс өте қатты. Бірақ оларда жердің астында орналасқан сауда орталықтары бар. Сол секілді басқа жобалар да қарастырып көруге болады. Негізі Үкімет үш Э, яғни, энергия, экономика, экология парадигмасын қолданғаны жөн", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу