Нұр-Сұлтан ауа сапасы бойынша жаһандық қалалар рейтингінде 56-орынға тұрақтады

953

7 қыркүйек – Халықаралық ашық аспан және таза ауа күні. Бұл қарар 2019 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында бірауыздан қабылданған. 

Нұр-Сұлтан ауа сапасы бойынша жаһандық қалалар рейтингінде 56-орынға тұрақтады

БҰҰ дерегіне сәйкес, әлем аумағының 99%-ы ауаның ластануына ұшыраған. Бұл жыл сайын 7 миллион адамның мезгілсіз қайтыс болуына әкеледі. 

Нұр-Сұлтан ауа сапасы бойынша әлемдегі 94 қаланың ішінде 56-орынға тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

IQAir рейтингісіне сәйкес, ауа сапасы бойынша әлемдегі 94 қаланың ішінде Нұр-Сұлтан 56-орынға тұрақтады. Ауа сапасының индексі (AQI) – 55, ауаның PM2.5 бөлшектерімен ластануы – 13,1 мкг/текше метр. Бұл 2022 жылы 6 қыркүйекте таңғы сағат 09:30-да алынған дерек.

Бұл айтарлықтай жаман көрсеткіш емес. Ауа сапасы бойынша үздік бестікке Сидней, Сиэтл, Ванкувер, Джакарта, Осло қалалары кірген. Ондық қатарында Мәскеу де бар.

Ауа сапасының индексі (AQI) атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы мен денсаулыққа қаншалықты қауіп әкелетіндігін өлшеу негізінде құрылады. Индекс көрсеткіші 50-ге дейін болса "жақсы" дегенді білдіреді, 51-100 – "орташа", 101-150 – "осал топтар үшін зиянды", 151-200 – "зиянды", 201-300 – "өте зиянды", 301-ден жоғары – "қауіпті". Аталмыш рейтинг нақты уақытта жаңартылып отырады. Сол себепті де рейтингтегі қалалардың орны да тұрақты емес.

2021 жылы Елордадағы ауаның PM2.5 бөлшектерімен ластануының орташа деңгейі 22 мкг/текше метрді құраған.

Жаз айларында (маусым-шілде) ауа сапасының көрсеткіші 8,1-9,1 мкг/текше метрге төмендеген. Ал қаңтар айында 55,8 мкг/текше метрге дейін жеткен. Бұл тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп төндіретін көрсеткіш екенін айта кету керек.

Республикадағы қалалар ішінде ластанудың ең жоғары деңгейі Қарағандыда тіркелген. 2021 жылы бұл шаһардағы ауаның PM2.5 бөлшектерімен ластануының орташа жылдық деңгейі 75,5 мкг/текше метрге жеткен. Қалалар арасындағы ең жақсы көрсеткіш Шуда байқалған. Мұнда былтыр ауаның PM2.5 бөлшектерімен ластануының орташа жылдық деңгейі 1,5 мкг/текше метрді құрады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы ауа сапасы нашарлаған. AQI индексі 62-ні құрап, ауаның PM2.5 бөлшектерімен ластануы 17,4 мкг/текше метрге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу