Нұрлан Нығматулин: Президенттік басқару институтының құрылғанына 30 жыл толады

1440

Халықаралық конференция диалог алаңына айналды.

Нұрлан Нығматулин: Президенттік басқару институтының құрылғанына 30 жыл толады Фото: sputniknews.kz

Бас шаһарда "Президенттік институт: Қазақстандық модель" атты халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр. 

Әзербайжан, Болгария, Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Франция парламентарийлерінің алдында сөйлеген сөзінде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жыл сайын Президент күні қарсаңында ұйымдастырылатын халықаралық конференция диалог алаңына айналғанын айтты. 

"Келесі жылы біздің елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес және тарихи кезең. Осы 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда табысты елге айналды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбегінің жемісі", – деді Нұрлан Нығматулин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу