Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин облыстық сот төрағасы мен судьялар алқасын құру тәртібіне енгізілетін өзгертулерді сынға алды, деп хабарлайды Inbusuiness.kz.
"Сот алқасын қалыптастыру және қысқарту мәселесі негізінен облыстық соттар деңгейіне қатысты ғой. Бұл өз алдына үлкен мәселе. Не болып жатыр? Өзіңіз айтқандай, әдетте жоғарғы кеңестің пленарлық отырысының шешімімен, Жоғарғы сот төрағасының ұсынуымен орындалады екен. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Бұл ең негізгі қағидатты бұзады. Ал ең негізгізгі қағидат – судьялардың тәуелсіздік қағидаты. Бұл жағдайда облыстық деңгейдегі соттың төрағасына да, судьяларына да қысым көрсетудің белгілі бір құралы пайда болады. Жоғарғы сот төрағасы ұсынған шешім бойынша сот алқасын құруға да, қысқартуға да болады деп отырсыз. Бұдан кейін қандай тәуелсіздік туралы айтуға болады? Сондықтан мен профильдік комитет депутаттарына аталмыш норманы пысықтау туралы негізделген мәселе көтеруді тапсырамын. Қанат Сергейұлы, екінші оқылымға дейін осының бәрін ескере отырып, осы нормаларды пысықтап шығу керек", - деді Нұрлан Нығматулин.
Есжан Ботақара